Апелляциялық сотта Ернар Жиембайдың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

9 қазан, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Апелляциялық сот Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша соңғы шешімін шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шабуыл жасаған Жиембай өзіне тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын бостандықты шектеу жазасына ауыстыруды талап етті. Ол адам өлтіру ниеті болмағанын, тек «денсаулығына ауыр зиян келтіргенін» айтты.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары керісінше, істі қайта саралауды сұрап, Жиембайдың Берденовке қастандық жасауға мұқият дайындалғанын және өлтіру ниеті болғанын мәлімдеді.

Алайда сот екі тараптың да өтінішін қанағаттандырмады.

Нәтижесінде, Шымкенттің бұрынғы әкім орынбасарының қарамағындағы қызметкер тоғыз жыл түрмеде отыратын болды.

Тэгтер:

үкім қастандық Руслан Берденов апелляция Ернар Жиембай