"Бұл – ойдан шығарылған ауру емес": ғалымдар созылмалы шаршауды синдром қатарына қосты

9 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Британдық ғалымдар алғаш рет созылмалы шаршау синдромын (немесе миалгиялық энцефаломиелитті) 96% дәлдікпен анықтай алатын қан талдауын жасап шықты. Бұл жаңалықты Шығыс Англия университеті мен Oxford Biodynamics компаниясының зерттеушілері жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Созылмалы шаршау синдромы – демалғаннан кейін де кетпейтін, өмір сапасын күрт төмендететін ауыр ауру. Әлемде миллиондаған адам, соның ішінде Ұлыбританияда 400 мыңнан астам науқас осы дертпен өмір сүріп келеді. Алайда жылдар бойы аурудың нақты диагностикасы болмағандықтан, көптеген адамдар дұрыс диагноз ала алмай жүрген.

Жаңа тест ғалымдардың айтуынша, жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Ол дәрігерлерге ауруды ерте анықтап, емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жетекшісі, профессор Дмитрий Пшежетский былай дейді:

«Бұл – ойдан шығарылған ауру емес. Көптеген науқастарға олардың жағдайы “басында ғана” деп айтылған. Біз қан арқылы ауруды дәл анықтай алатын тест әзірлеуді мақсат еттік — және бұл мүмкін болды».

Тэгтер:

ауру шаршау синдром