Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 10 алтын, 24 күміс, 48 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Жекелеген спорт түрлері бойынша:
- Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола
- Таеквондо WT – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола
- Бокс – 2 алтын, 1 күміс, 11 қола
- Нысана көздеу – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола
- Садақ ату – 1 алтын, 2 күміс
- Күрес түрлері – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Жүзу – 9 күміс, 10 қола
- Стенд ату – 2 күміс, 6 қола
- Үстел теннисі – 3 қола
- Көркем гимнастика – 3 қола
- Бадминтон – 2 қола
- Самбо – 2 қола
- Батуттағы гимнастика – 2 қола
- Семсерлесу – 1 қола
Бұған дейінгі ТМД ойындарындағы көрсеткіштеріміз:
2023 жыл. 7 алтын, 14 күміс, 32 қола (5-орын)
2021 жыл. 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (3-орын, Қазан)
Әзірбайжанда еліміздің атынан 132 спортшы 18 бағдарламада сынға түсті.
Олардың қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегері Александра Ле, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері де болды.