Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатының ширек финалына бірінші болып шықты

9 қазан, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңнен сәтті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.

Төртінші ойында қазақстандық су добы шеберлері Таиланд командасынан 22:4 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Қазақстан В тобында бірінші орынға ие болды.

1/4 финалда отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездеседі.

Тэгтер:

Азия чемпионаты ширек финал су добы