Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде жұмысқа орналаса алады

9 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Сенат Қазақстан азаматтарын Қатар елінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы екі ел арасындағы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжат қазақстандықтардың Қатарда ресми түрде жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалыптастырады және тараптардың өзара міндеттемелерін айқындайды.

Қатардағы жұмыс беруші қызметкердің жол жүруі мен елге қайту шығындарын өз мойнына алады, сондай-ақ оларға тұрғын үй, көлік, медициналық қызмет және ақылы демалыс ұсынады.

Келісім аясында мамандарды жалдау типтік еңбек шарты негізінде жүргізіледі және туындайтын мәселелерді шешу мен іс-қимылды үйлестіру үшін Бірлескен комитет құрылады.

Тэгтер:

жұмыс Құжат Катар келісім