Павлодарда интернет-алаяқтарға алданған әйел 9 млн теңгесін қайтарып алды

Бүгін, 11:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өткен жылдың маусым-шілде айларында әйел адам екі күдіктінің «Банк Центр Кредит» АҚ-дағы шотына 3,7 және 5,4 миллион теңгеден аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер өздерін «Kaspi Profit» инвестициялық платформасының қызметкерлері ретінде таныстырған. Әйелдің сеніміне кіріп, «инвестициядан табыс табасың» деп алдаған.

Сот жауапкерлерден негізсіз баю сомасын, мемлекеттік бажды және өкілдік шығындарды өндірді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес тұлға негiзсiз иеленiп алынған мүлiктi қайтаруға мiндеттi.

Тэгтер:

Алаяқ алдау