Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Шотландия клубымен келісімшарт жасасты

Бүгін, 09:54 / Інжу Әлихан
ҚФФ

25 жастағы «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Ислам Чесноков қаңтар айында шотландия ұжымына қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Aladop.kz жазуынша, Эдинбург ұжымының Исламмен келісімге келгенін бапкер Дерек Маккинестің өзі хабарлады. Аталған маман жаз айынан бері «Хартс» командасына Чесноковты қалайда болсын құрамға алдырту керектігін барынша жеткізіп келген болатын. Ақыры өз дегеніне жеткен бапкер барша қазақ жанкүйерлерін осы бір жақсы жаңалықпен қуантып қойды.

Айта кетейік, Исламның «Тобыл» ФК келісім шарты қазан айының соңында бітеді. Қостанай ұжымында қаптал вингері жалпы алғанда 90 ойын өткізіп, 29 гол мен 14 голдық пас берді. Және аталған ұжыммен бірге ол Қазақстан Кубогын 2х және Суперкубогын жеңді.

Қазір «Хартс» клубы Шотландия Премьер-лигасының 7-тур қорытындысы бойынша, 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 1 орында келеді.