Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

Бүгін, 06:25 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады. 

— 2025 жылғы 9 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанайда қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.