Алғаш рет қазақстандық әйел ғарышқа ұшты

Бүгін, 21:58 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық кәсіпкер Данна Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранымен ғарышқа ұшты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зымыран Астана уақытымен 18:40-та АҚШ-тың Техас штатындағы ғарыш айлағынан көтерілген. Ұшу шамамен 10–12 минутқа созылып, кеме 100 шақырым биіктікке жетіп, ғарыш шекарасын кесіп өтті.

Экипаж құрамында Қарағұсовадан өзге кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болды.

Тэгтер:

ғарыш зымыран