Қайрат Нұртастың әйелі балаларының жүктілікке білдірген эмоциясын көрсетті (ВИДЕО)

8 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нқртастың балалары анасының жүктілігіне білдірген эмоциялары жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иелерінің балалары кішкентай сәбидің өмірге келетініне түрліше көзқарастарын білдірді. Бірі сенбей жатса, ал бірі болашақты ойлап сәби кім қарайтынын  айтып уайым білдірді.

"Бала тілі - бал. Алғаш естігенде түрлі эмоция білдіргені рас. Удивление, отрицание, осознание и признание болды. Ал қазір ол сезімдердің барлығы махаббат пен мейірімге ауысқан. Себебі Рабия Сұлтан үйдің жүрегі, күніне айналды. Аналар, сіздерде қалай болып еді?", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары балалардың бұл қылығына түрліше пікір жазды.

"Сіздің балаларыңызға берген махаббатыңызды, олар бауырларына көрсетіп жатыр, қандай әдемі көрініс", "От папы деген қалай кетті", - деді желі қолданушылары.

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдікәрімова