Дастан Сәтпаев алдағы ойындарға қатыспайды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық құраманың ойыншысы Дастан Сәтпаев оқу-жаттығу жиынына келіп, қосымша медициналық тексеруден өтті.
Тексеру қорытындысы бойынша футболшыда жарақат белгілері анықталды. Осыған байланысты бапкерлік және медициналық штаб ортақ шешім қабылдап, ойыншыны алдағы матчтарға қатыстырмау жөн деп тапты.
«Бұл шешім футболшының денсаулығын сақтау және толық сауығып шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданды», – делінген федерация таратқан хабарламада.