IMD: Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингісінде 34-орынға көтерілді

Бүгін, 18:00 / Дана Ізтілеуова
istockphoto.com

Экономиканың бәсекеге деген қабілеті – көпқырлы ұғым. IMD World Competitiveness Center өзінің басты зерттеу құралы World Competitiveness Ranking арқылы елдердің бәсекеге қабілеттілігін зерттейді. Қазақстан бұл рейтингте биыл 1 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл рейтинг кейінгі 37 жылдан бері мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі туралы дерек пен талдау жариялап келеді. Зерттеу жаһан, өңір, субөңір және адам өлшемдері тұрғысынан жүргізіледі. Ол үшін сыртқы ресми статистикамен қатар әлемнің 69 экономикасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижелері қорытылады.

Биылғы маусымда бұл рейтингтің кезекті саны шықты. Онда Қазақстан 34-орынға шығып, бір сатыға жоғарылаған.

Тэгтер:

бәсекеге қабілетті Бәсекеге қабілетті елдер