Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін, 14:04 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 ірі турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұптық сайыстың 1/8 финалында Данилина мен сербиялық Александра Крунич жапон Сюко Аояма және испан Кристина Букша жұбымен кездесті.

Тартысқа толы кездесу 3:6, 6:4, 12:10 есебімен аяқталды.

Осылайша, Данилина мен Крунич турнирдің ширек финалына өтті.

Тэгтер:

Турнир теннис ширек финал Анна Данилина