"Жаңа есімнің пайда болуы – қалыпты құбылыс": Талғат Байсуфинов Дінмұхаммед Қашкенді неліктен құрама сапына шақырғанын айтты

Бүгін, 13:14 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов бүгінде әлеуметтік желіде дау туғызған Дінмұхаммед Қашкеннің құрама сапына шақырылуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Орталық қорғаушылар мәселесі туындағанда тез әрекет ету қажет болды. Маған Қазақстан Премьер-лигасының барлық ойыншысы бойынша кең деректер базасы ұсынылды. Шыны керек, мен таң қалдым. Қазір Футбол федерациясының жаңа жүйесіндегі деректер базасы кеңейтілген, негізгі және резервтегі тізімдер жасалады. Бұрын мұндай тәжірибе болған жоқ. Скаутинг бөлімі жан-жақты және сапалы жұмыс істейді. Бұған менің жастар құрамасымен жұмыс істеп жүрген кезімде көзім жетті.  Әр кандидатура мұқият талқыланып, дәлелденеді. Қазір бапкерлердің қолында әр футболшы ойыны және физикалық көрсеткіштері, мінездемелері және жасалған аналитика туралы ақпарат бар. Дінмұхаммед Қашкеннің кандидатурасы қарастырылғанда, барлық дерек оның пайдасына сөйледі. Техникалық-тактикалық параметрлері, модельдік сипаттары мен жасы сай келді.

Жаңа есімдердің пайда болуы – қалыпты құбылыс. 2021 жылы да осындай мысал болған. Әлібек Қасым ұзақ уақыт бойы құрамда болып, бейімделіп, кейін негізгі ойыншыға айналды, – дейді бас бапкер.

Тэгтер:

Талғат Байсуфинов Дінмұхаммед Қашкен