Қазақстанда авторлар мен пайдаланушыларға арналған цифрлық платформа іске қосылады

Бүгін, 12:54 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстанда авторлар мен пайдаланушыларға арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Депутаттар зияткерлік меншік туралы заңға ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыруға және авторларға авторлық сыйақыны әділ бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер енгізуді ұсынды.

Осы мақсатта нақты есепке алу мен деректердің сенімділігін қамтамасыз ететін авторлар, пайдаланушылар және ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды электронды форматқа көшіретін бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі.

Сонымен қатар 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдары шығыстарының үлесі жиналған авторлық сыйақы сомасы 30-дан 20 пайызға дейін қысқартылады. Бұл авторлар мен авторлық құқық иелеріне төлемдерді 70-тен 80 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.