Әлеуметтік желілерде Астанадағы Ханшатыр маңында өртке оранған үйдің видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елордалық өрт сөндірушілер Тұран даңғылындағы жаңа құрылыстан түтін шығып жатқаны туралы хабар бойынша Нұра ауданына шыққан.
«Оқиға орнына келген кезде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың 3-қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені анықталды», – деп хабарлады ведомство.
Өрт өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ.