Шымкентте автобус әйелді қағып кетті

Бүгін, 10:27 / Алуа Арман
видеодан скриншот

7 қазан күні кешкісін Шымкент қаласында жаяу жүргіншіні автобус қағып, әйел оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Жол-көлік оқиғасы «Жібек жолы» көшесінде орын алған. Белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан әйел жолаушылар автобусының астына түсіп қалған.

Жәбірленушіні аман алып қалу мүмкін болмады – ол оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қалалық Полиция департаменті қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

Тэгтер:

Шымкент Автобус