Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты тергеу қалай жүріп жатыр?

Бүгін, 09:29 / Алуа Арман
Ғаламтор

Ақнәр Гүлістанның өліміне қатысты істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

КИМЭП түлегі, 22 жастағы Ақнәр Гүлістан 2024 жылдың мамыр айында Алматыдағы көп қабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттардан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбей, қыздың өліміне бірге оқыған қыздарды айыптады.

Tengrinews.kz мәліметінше, істі қазір Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тергеп жатыр.

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс бір жылға жуық Алматы қалалық полиция департаментінің өндірісінде болған.

«Біз, жәбірленуші тарап ретінде, ІІМ мен Алматы полициясына сенімсіздік білдірдік. Бас прокуратураға істі тергеу үшін ведомствоаралық топ құру туралы өтініш жасадық. Осыдан кейін іс Антикорға берілді, кейін ол ҰҚК құрылымына кірді», – деді ол.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті істің ведомство тергеуінде екенін растады.

Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де, Инга Иманбай да істің Қылмыстық кодекстің қай бабымен тергеліп жатқанын нақтыламаған.

«Тергеудің басқа деректерін жариялай алмаймын. Іс қандай баппен сотқа жіберілетіні және қашан жіберілетіні әзірге белгісіз», – деді ол.

Тэгтер:

тергеу Ақнәр Гүлістан