Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:20 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

— 2025 жылғы 8 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанайда қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.