Семейде автобус өртеніп кетті

Бүгін, 17:16 / Алуа Арман
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Семей қаласында маршруттық автобус өртенді. Абай облысының ТЖД мәліметінше, оқиға соңғы аялдамада болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Семей қаласында, Текстильная көшесінде соңғы аялдамада автобус өртенді. Маршруттық автобус толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер келген сәтте көлік түгелдей жанып жатқан», – деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт 24 шаршы метр аумақта сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

Семей Автобус өрт аялдама