«Отбасы банк» дербес деректерді жаңарту тәртібін түсіндірді

Бүгін, 15:19 / Інжу Әлихан
gov.kz

«Отбасы банк» Бірыңғай республикалық кезекте тұрған азаматтарға арналған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді рәсімдеудің нұсқаулығын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:

• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.

• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.

• 3Құпиясөзді енгізіп, кіруді растаңыз.

• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.

• Мәтінмен танысып, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз.

Тэгтер:

Отбасы банк