Ақмола облысында дүкен тонаған күдікті ұсталды

Бүгін, 14:50 / Алуа Арман
polisia.kz

4 қазанда полиция қызметкерлері Щучинск қаласында жергілікті дүкенді тонады деген күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сатушы қылмыс туралы полицияға хабарлауға да үлгермеді, патрульдік полицейлер дүкеннен қолында пакеті бар, жүгіріп шыққан ер адамды байқап, дереу оны ұстап алды.

Сатушы әйелдің бір минутқа назары басқа жаққа аударғанын пайдаланып, кассадан 200 мың теңге көлемінде ақшаны ұрлап, көшеге жүгіріп шыққан. Осы уақытта жақын маңдағы аумақты күзеткен полицейлер, бірден әрекет етті. Ұрланған ақша, сондай-ақ ас үй пышағы заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Ұсталғаннан кейін бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, ер адам одан әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тэгтер:

Ақмола облысы Дүкен тонау