Фрэнк Лэмпард баптайтын ағылшын клубы «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысына көзі түсті

7 қазан, 2025 / Дана Ізтілеуова
asnews.kz, "Қайрат"ФК

«Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Чемпионшипта көш бастап тұрған ағылшын командасы қызығып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белілі болғандай, ағылшынның «Ковентри Сити» командасы алматылық клубтың тәрбиеленушісіне көзі түсіп отыр. Әйгілі Фрэнк Лэмпард баптайтын команданың скауттары Азаматқа португалиялық «Спортингтен» (2:3) кейін назарына алған. УЕФА Жасасөпірімдер лигасы аясында өткен ол ойында жас футболшы «Қайрат» жастар сапында ойнап, екі гол салған болатын.

Сонымен қатар, ол өткен аптада ҚПЛ-да «Қайраттың» негізгі командасында ойнап, «Жетісу» (5:0) қақпасына бесінші голды тоғытты.

Тэгтер:

Азамат Тұяқбаев Фрэнк Лэмпард «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы