Ақтөбеде қоршаған ортаны ластаған компанияға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды

Бүгін, 11:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша облыстық экология департаменті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы филиалының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында, Шалқар ауданындағы Бозой жерасты газ қоймасында екі ұңғыма міндетті экологиялық рұқсатсыз бұрғыланғаны анықталды.

Заңға сәйкес, атмосфераға шығарындыларды шығару және өндірістік қалдықтарды орналастыруда қоршаған ортаға эмиссиялар үшін арнайы рұқсат қажет.

Рұқсатсыз эмиссиялар нормативтен жоғары деп танылады және белгіленген лимиттен артық жинақталған немесе көмілген қалдықтардың көлеміне қатысты он мың пайызы мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Тексеру қорытындысымен компанияға қатысты 1,2 млрд теңге айыппұл салумен 4 әкімшілік материал тіркелді.

Оның ішінде 20 млн теңге көлеміндегі айыппұлды кәсіпорын ерікті түрде төлеп, қалған 1,1 млрд теңгеден астам сома бойынша сотқа шағымданды.

Бүгінгі таңда компания 20 миллион теңге айыппұлды өз еркімен төлеп, қалған 1,1 млрд теңгеден астам соммаға қатысты сотқа шағым түсірді.

Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот шешімдерімен айыппұл салу туралы қаулылар күшінде қалдырылды.

Заңға сәйкес, компания бір ай ішінде 1,1 млрд теңге көлемінде айыппұлдың қалған сомасын төлеуге міндетті.

Айыппұлдар белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, мәжбүрлеп өндіріп алу көзделген.

Тэгтер:

Айыппұл экология компания қоршаған орта