«Сәби әкемнен бе?»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қызына жүктілігі жайлы айтқан сәтінен видеоны жариялады

Бүгін, 06:29 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қызы Алауға жүктлігі туралы қалай хабарлағанын көрсетті. Қуанышты жаңалықты білген кездегі Қайрат Нұртастың қызының видеосы желіде көптің назарына ілікті, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Видеодан Алау Қайратқызы анасының жүктілігіне қатты таңғалғанын байқауға болады.

"Аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?", - деді Қайрат Нұртастың қызы.

Ата-анасының тағы да балалы болатынына қатысты жаңалықты Алаудың естіген сәті желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның анасы кімнен жүкті екенін сұрағанына таңғалды.

"Кімнен" деп сұрап, қатырды. Артынан әкемнен бе деп қояды. Алау өлтіресің", "Кімнен дегені қалай кетті", "Алау қыз қатырды. Қатты қуанып кеткен ғой, не айтарын білмей қалды балапан",- деп жазған оқырмандар.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, қызының абдырап қалғанын айтты.

"Қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды ғой. Бала тілі бал", - деп жазды актриса.