Биржада доллар бағасы төмендеді

Бүгін, 15:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 545,67 теңгені құрап, 1,79 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 қазанға арналған ресми доллар бағамы – 547,57 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 544,99 теңге, сату бағамы – 547,16 теңге. Ал Астанада долларды орта есеппен 542,76 теңгеге сатып алып, 548,75 теңгеге сатып жатыр.

Еске салайық, 29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге, 30 қыркүйекте – 0,29 теңгеге, 1 қазанда – 0,08 теңгеге көтерілген, ал 2 қазанда 1,95 теңгеге төмендеп, 3 қазанда қайтадан 0,58 теңгеге өскен.

Тэгтер:

Доллар Валюта биржа теңге бағамы нарық қор