«Орны толмас ауыр қаза»: Тамар Асардың өгей ұлы қайтыс болды

Бүгін, 14:19 / Інжу Әлихан
instagram

Әнші Тамара Асардың күйеуі Жұмаш Бекмырзаның бірінші некесінен туған ұлы өмірден өтті. Суыт хабарды Қостанай облысы Наурызым ауданының әкімдігі жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы – Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамыз.

Бұл – орны толмас ауыр қаза.  Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін» , - делінген жазбада.