Теннисші Алан Құрманғалиев Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Бүгін, 11:32 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.

Тэгтер:

Қытай теннис Алан Құрманғалиев