«Астана - Орал» бағытында жаңа вагондар іске қосылды

Бүгін, 11:17 / Інжу Әлихан
Көлік министрлігі

«Сары-Арқа компани» жекеменшік теміржол тасымалдаушысы вагон паркін жаңартуды жалғастырып, желіге жаңа үш плацкарт вагон шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, тасымалдаушы бұған дейін ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы вагонды іске қосты.

«Жаңа вагондар заманауи жабдықтармен ерекшеленеді. Олардың ішінде кондиционерлер, тоңазытқыштар, аинайы пештер, розеткалар мен гаджеттерді қуаттауға арналған USB-ұяшықтар орнатылған. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары мен 4G-модемдер қойылған, ал қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жолаушыларға QR арқылы пікір қалдыру жүйесі енгізілді.

Бүгінде компанияның 23 вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл «Астана – Орал» бағыты бойынша сапарларды қауіпсіз әрі жайлы етеді», - делінген хабарламада.