Павлодарда көлік рөліне ие бола алмаған келіншек қаза тапты

Бүгін, 10:34 / Алуа Арман
видеодан скриншот

5 қазан күні «Шарбақты – Сосновая» автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта, Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт  жолаушы жарақат алды. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау қажеттігін еске салады.

 

Тэгтер:

Павлодар Жол апаты