Ақтауда 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Бүгін, 09:41 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 13 жастағы Тимофей Павлов іздестіріліп жатыр. Ол 5 қазан күні велосипед тебу үшін үйден шығып кетіп, содан бері оралмаған. Бұл туралы «Lider.kz» еріктілер қозғалысы хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тимофей Павлов 5 қазанда сағат 18:00 шамасында 11-шағын ауданнан үйінен шыққан. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы – 170 см, дене бітімі – арық.

Жоғалған күні үстінде хаки түсті желетке, қоңыр шалбар, хаки түсті кроссовка, басында қара түсті баскиім-шлем (подшлемник), көк-қара түсті шлем және велосипедке арналған қолғаптар болған. Қара түсті рюкзак болған.