«Бөліп жару дұрыс емес»: «Қайрат» клубының бас бапкері кәсіпкерлерге ренішін айтты

5 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Sports.kz

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихаты кезінде футболшыларға қымбат сыйлық жасауға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін "Реалға" қарсы ойында "Қайраттың" қақпасын қорғаған 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға қазақстандық кәсіпкер су жаңа көлік сыйлаған болатын. Бүгін "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне үлкен үлесін қосқан қақпашы Темірлан Анарбеков те отандық кәсіпкерлерден темір тұлпар сыйға алғаны белгілі болды.

Алматылық клубтың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин ойыншыларға мұндай қымбат сыйлық беруге қатысты ойын айтты. Маман футболшылардың бөліп жару дұрыс емес екенін жеткізді.

"Кәсіпкерлерге мұндай сыйлықтарды беруге тыйым сала алмаймыз. Алайда ойыншыларды бөліп жару дұрыс емес. Бұл спорттың командалық түрі. Көмектескің келсе, клубқа көмектесу керек деп ойлаймын. Сыйлық бергіңіз келе ме? Бәріне беріңіз. Алайда мұндай сыйлық бергісі келетіндерге үйретуге қақым жоқ.

Алайда командалық жұмыс тұрғысынан біреуді бөліп жару дұрыс емес. Біздің клубтың саясаты осындай. Мен де соны ұстанамын. Кәсіпкерлер өз пайдасын да ойлайтын шығар. Олардың ойында не бар екенін айта алмаймын", - деді Уразбахтин.