«Киноңа бармаймыз»: Дариға Бадықова экс-күйеуінің сұхбатынан соң, бойкот жариялағандарға жауап берді

Бүгін, 15:45 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актриса Дариға Бадықова желіде тағы жазба жариялап, экс-күйеуі мен киносына бойкот жариялағандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Менімен жәй күйеу болып тұрып жатқанда мені көре алмай неше түрлі сөз айтушы еді.. Жанжал болғанда, видео қосамын деп телефонына жүгіретін еді. Сөйтсем аяғын осылай жасаймын деп жүргені екен! Киносына қарай сұхбат беремін деудің өзі, қызғаныштан іріп-шірегені. Нағыз еркек бұндай болмайды. Сенде өнер бітірдің. Бойыңда талант болғанда талантыңмен айналысар едің. Бір әйелді жамандап отырмай. Мужик - мама! 

Өзі сияқты ештеңеге қол жеткізбеген, көкірегі ренжіске толған еркектер киноңа бармаймыз деп қиын жасамай ақ қойыңдаршы.І

Киноны әйелдің тамағын жеп, әке-шешенің пенсиясына күн көріп отырған, қоғамға пайдасы жоқ, аяғында бүлік шығаратын еркектерге арнап түсіріп жатқан жоқпын», - дейді актриса.