Іле ауданында ер адам шұңқырдағы жаңбыр суына тұншығып қала жаздады

Бүгін, 12:12 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары терең шұңқырға құлап кеткен ер адамды шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қазанда Алматы облысының 112 қызметіне Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғыны жаңбыр суымен толған шұңқырға құлап, одан өз бетінше шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына дереу келген құтқарушылар сатының көмегімен ер адамды тереңдігі 3 м шұңқырдан алып шықты», - деп жазылған хабарламада.

Шұңқырда су болғанына және зардап шеккен адамның тоңып қалғанына қарамастан, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі терең шұңқырға құлаған жағдайда берік тіректер немесе жабдықтар болмаса, өздігінен шығуға тырысуға кеңес бермейді, бұ қауіпті арттырып, жарақатты ауырлатуы мүмкін.