Теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің жеңімпазы атанды

5 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҚТФ

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады.

Бұл — Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы. 

Келесі аптада ол Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.