“Ажырасып кетсек те, оны асырап жүрдім”: Дариға Бадықова елден жасырған құпиясын жайып салды

Бүгін, 03:29 / Ербұлан Қайрат

Белгілі актриса Дариға Бадықова жеке өміріндегі қиын кезеңдер туралы ашық айтып, бұрынғы күйеуіне қатысты шындықты жария етіп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол көп жыл бойы жеке өмірін жұрттан жасырғанын, бірақ енді көрерменге бәрін ашық айтуға шешім қабылдағанын жеткізді.

«Жеке өмірімді айтпай келіп едім. Енді айтайын көрермендер үшін. Менің де өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп, көп нәрсені ашып айтпағанмын. Бекер істеген екенмін», – деді ол.

Актриса отбасындағы түсінбестік болғанын, жауапкершіліктің тек бір өзіне артылғанын да айтты:

«Біз бақытты өмір сүрмедік. Менің тұншығып өткен күндерім көп болды. Кино түсірмей тұрып-ақ ажырасқанмын. Ағайын-туыстан ұят деп жүре беріппін. Өзімді тастап жібермейін деп, өнерді қолға алдым. Мен өнерде ғана бақытты адаммын», – деді ол.

Сондай-ақ актриса отбасындағы материалдық ауыртпалықтың да өз иығында болғанын жасырмады.

«Кетіп қалсам да, ақша сұрап мазамды алған. Кейін ақша бермей қойдым. Бірақ ажырасып кетсем де, жаным ашып, беріп жүрдім. Құрбыларым тоқтатты. Ақша бермей қойған соң, өтірік әңгімелер тарата бастады», – деді өнер иесі.

Дариға Бадықова сөз соңында әйелдің табиғаты туралы да ойын айтты:

«Әйелдің табиғаты – еркекті асырау емес. Табиғатым қарсы шықты еркекті асырауға», – деді ол.