Бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде 400 000-нан астам педагог – мектептерде. Олардың 76 364-і ер адамдар болса, 331 638-і – әйелдер. Мектептерде еңбек өтілі 30 жыл және одан көп мұғалімдер саны 73 900 адамды құрайды.
42 000-нан астам педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қызмет етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 000-нан астам тәрбиеші жұмыс істейді.