Темір торға тоғытылған 23 жастағы әйел өкінішін айтты

4 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті темір торда отырып, өкінішін айтқан әйелдің сұхбатын жариялады.

Маңғыстауда 23 жастағы әйел 17 алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталған.

Ол таныстарына "тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырып беремін, кейін үстеме пайызымен қайтарамын" деп сендірген.

Азаматтар өз аттарына несие ресімдеп, қаражатты сотталған әйел мен оның туыстарының есепшотына аударып отырған.

"Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан. Күйеуім кетіп қалды. Екі кішкентай баламды көрмегелі бір жылдан асты. Олар мені осындай жерде көргенін қаламаймын. Ашкөздік пен ақшаға деген құмарлық өмірімді күйретті. Енді тек өкінуден басқа амалым жоқ", – деді соталушы.