Абай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Бүгін, 11:50 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Абай облысында Омбы–Майқапшағай тас жолында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиғаға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу (қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу) себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.