Сабина Алтынбекова сынға ұшыраған “Қайраттың” жас қақпашысын қолдады

3 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фотоколлаж Liter.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы бір жаңалық порталында жарияланған спорт сарапшысының: Шерхан “ештеңеге қол жеткізген жоқ және ешқандай ерекше нәрсе көрсеткен жоқ” деген пікіріне жауап қатты.

“Мен оның абыройын төмендетіп отырған жоқпын, бірақ жай ғана 18 жастағы жігітті неге сонша асқақтату керек?”, - деп жазған болатын Алтай Даумов.

“Қайрат” футбол клубы мадридтік “Реалға” жеңілгеннен кейін, қазақстандықтар жас қақпашы туралы талқылай бастады, оның ішінде қолдау білдіргендер де болды. Мысалы, бір кәсіпкер оған көлік сыйлаған.

“Міне, осындайлар көп болады – қолдау көрсетудің орнына өз пікірін білдіретіндер. Назар аударма, ештеңе бекер болмайды. Бұл Жоғарыдан берілген тағдыр. Тек қана алға, Шерхан. Еңбектен, мінезді бол және жинақы жүр”, – деп жазды Сабина Алтынбекова Instagram-stories-те. 

Тэгтер:

Сабина Алтынбекова Қайрат