Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – жүрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі.
Блогер Михаил Козачковтың мәліметінше, қайтыс болған азамат – әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Слямқұлов.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қамаудағы адамның өлімі фактісін растады, бірақ аты-жөнін атамады.
«Алдын ала өлім себебі – жүрек жетіспеушілігі. Қайтыс болу сәті бейнебақылау камерасына жазылған. Бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде», – деп хабарлады комитет.