Астанада оннан астам автобус бағытын өзгертті

3 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, № 11, 32, 48, 57, 21, 2, 3, 14, 60, 66, 503, 50 автобустарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.

Бұған дейін Астанада Ұлы Дала даңғылының бір бөлігі бір аптаға шектелетіні хабарланған болатын.

Тэгтер:

Автобус