Тоқаев Германия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 14:03 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

Қазақстан Президент Германия