Қарағандыдағы вокзалда қылмыс жасаған 75 жастағы зейнеткер ұсталды

Бүгін, 11:44 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қарағанды облысында ірі есірткі тасымалдау арнасын әшкерелеп, 75 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің тыйым салынған заттарды алып өтуі мүмкін екені анықталған. Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі заттары – шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленді. 

Одан бөлек, вокзал маңында тұрған күдіктінің автокөлігін тексеру барысында багаждан орауыш таспамен қапталған екі ірі брикет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың ішінде де марихуана болған. Жалпы тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 20 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша аса ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ полиция өзге тұлғалардың қылмыстық әрекетке қатысы бар-жоғын тексеруде.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарының Қарағанды аумағында таратылуы немесе басқа өңірлерге жеткізілуін анықтап жатыр.

реапи лноп на млсгар вогспа лнапв дг

Тэгтер:

Қарағанды зейнеткер вокзал