Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанбақ, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Адамзаттың болашағы ғарышпен тығыз байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз тек технологияларды дамытып қана қоймай, өз мүмкіндіктерімізді де кеңейтеміз. Мен үшін Blue Origin компаниясының NS-36 миссиясы – бұл ғылыми зерттеу жобасының бір бөлігі әрі көп жыл бойы еңбектеніп, армандаған мақсатыма апарар маңызды қадам», - деп жазды Дана Қарағұсова.
Айта кетейік, Дана Қарағұсова – танымал блогер Бейбіт Әлібековтің экс-әйелі.