Алматыда ГАЗель көлігі аялдамаға соғылып, әйел адамды қақты

Бүгін, 11:12 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматыда Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, соққының салдарынан аялдамада тұрған әйел денесімен әйнек қабырғаны тесіп өтіп, бірнеше метрге ұшып кеткен.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада өтіп бара жатқан адамдар әйелді зембілге жатқызып, жедел жәрдем көлігіне көтеріп апарғаны көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, “Газель” жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік бордюрге шығып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.

Жарақат алғандардың жағдайы нақтылануда.

Тэгтер:

көлік аялдама ГАЗель қағу