Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген азаматтың соты басталды

Бүгін, 09:49 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Сұмдық оқиға Қарағанды облысының Абай қаласында болған. 15 жастағы қыздың шешесі мен өгей әкесі оны 38 жастағы достарына тұрмысқа берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

38 жастағы күдікті Астанада жасырынған жерінен ұсталған. Іс материалдары бойынша ол кәмелетке толмаған қызды үш рет зорлаған.

Қыздың әкесі бұрынғы әйелі, яғни қыздың шешесі мен оның күйеуінің, күдіктінің діни ағымның өкілі екенін айтып отыр. Сол себепті де қызды жасы үлкен ерге берген.

Басқа балалар осындай жағдайға ұшырамас үшін Білім бөлімі қыздың шешесін ата-аналық құқығынан айыруды сұраған. Бірақ сот бұл талап-арызды кері қайтарған.

«Қыздың шешесі мен өгей әкесі куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Күдікті өгей әкесінің жақсы досы. Олар он жылдан бері таныс. Күдікті қызды үш рет зорлаған. Олар қыздың өмірін құртты. Бәрін бүлдіріп енді куәгер ретінде отыр. Олардың да жауап бергенін қалаймын», — дейді қыздың әкесі.

Тэгтер:

діни ағым 15 жастағы қыз тұрмысқа беру