Бүгін, 3 қазанда еліміздің 7 қаласында қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, бүгін Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай құбылыс кезінде ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, ластану деңгейі негізінен жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасына байланысты қалыптасады.