Футболдан әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтетін болды

Бүгін, 06:43 / Нұрлан Әлинұр
фото: Өзбекстан футбол қауымдастығы

2027 жылы 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Өзбекстан Футбол қауымдастығының мәліметінше, бұл сайыс FIFA қолдауымен өткізілетін маңызды әлем чемпионаттарының бірі.

- Соңғы жылдары біздің еліміз көптеген ірі халықаралық турнирлерді қабылдай отырып, тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, 2024 жылы Өзбекстанда өткен FIFA футзалынан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды және ол халықаралық қауымдастық тарапынан зор қолдауға ие болды, - деп мәлім етті Өзбекстанның Футбол қауымдастығынан.