Нұрлан имам арманы туралы айтып берді

Бүгін, 23:15 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал Нұрлан имам Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тележүргізуші желідегі "Нұрлан имамның жеті баласы бар" деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

"Әйелім де соны көріп сұрайды, екеуін тауып кел қай жақта деп. Негізі қате кеткен. Уикипедия ау деймін. Негізі екі қате бар. Мені "1985 жылы имам болған" дейді. Мен ол жылы алтыда болдым. Негізі өзіме көпбалалы болған ұнайды. Мүмкін содан шығып кеткен шығар. Өзім әкеден анадан жалғыз баламын. Жалғыз бала болғандықтан, көпшіл болуды үйретті. Балаларға жақын болуым да содан. Көп әулетті болуды қаладым. Арманым сол", - деді Нұрлан имам.

Айта кетейік, Нұрлан имам алғаш рет сұхбатқа он алты жастағы ұлын ертіп әкелген.

Тэгтер:

Бала Нұрлан имам өтірік 7 бала